Sputnik. Қазақстанда төрт айда 2 мыңға жуық егіз және 54 үшем дүниеге келді, деп хабарлады ұлттық статистика бюросы.

2026 жылдың қаңтар-сәуір айларында елімізде 1926 егіз және 54 үшем тіркелді. Бұл кезеңде төртемдер тіркелмеген, дейді статистика мамандары.

Егіздер саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр – 263 жағдай. Одан кейін Алматы қаласы (245) және Алматы облысы (175) тұр.

«Үшемдер бойынша Түркістан облысы, Атырау облысы және Шымкент қаласы алда – әр өңірде 3 үшемнен тіркелген, тиісінше 9 нәресте дүниеге келген», – деп жазылған хабарламада.

2026 жылдың қаңтар-сәуір айларында дүниеге келген балалардың жалпы саны 99,4 мыңға жетті. Туу көрсеткішінің ең жоғары деңгейі Түркістан облысында (1000 тұрғынға шаққанда 19,75), Шымкент қаласында (19,39) және Маңғыстау облысында (19,28) тіркелді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!