Өнерді өмірінің өзегіне айналдырып, ұлттық құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа жалғап келе жатқан «Әуезовтер» халықтық отбасылық ансамблі – Сыр өңірінің рухани-мәдени өмірінде өзіндік орны бар өнер ұжымы.
Қазақтың қасиетті қара домбырасы мен қоңыр қобызынан төгілген күй халқымыздың ғасырлар қойнауынан жеткен асыл мұрасы. Сол құндылықты көздің қарашығындай сақтап, кейінгі буынға жеткізуді өмірлік мұрат еткен өнерпаз әулеттер аз емес. Солардың бірі елге танымал күйші, қобызшы Махамбет және Раманқұл Әуезовтердің өнердегі сара жолын жалғастырып келе жатқан «Әуезовтер» халықтық отбасылық ансамблі.
Бүгінде Сыр өңірінің мәдени өміріне белсене араласып жүрген ансамбльдің өнерпаздары ұлттық өнерді ұлықтаумен қатар, ел өміріндегі маңызды қоғамдық шараларға да белсенді қатысып келеді. Соның бір көрінісі азаматтық жауапкершілігін танытып, сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасауы.
Өнерпаздар үшін ел болашағына қатысты әрбір маңызды қадам ортақ жауапкершілік. Сондықтан «Әуезовтер» отбасылық ансамблінің мүшелері де азаматтық борыштарын атқарып, дауыс беруге қатысып, ел ертеңіне деген өз көзқарастарын білдірді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!