Құрылтай сайлауы өткен күні Жаңақорған ауданында 3 сәби дүние есігін ашты. Оның ішінде 1 ұл және 2 қыз бала бар.
Қазіргі уақытта жаңа босанған аналар мен нәрестелердің жағдайы жақсы. Оларға дәрігерлер тарапынан қажетті медициналық көмек көрсетіліп, тиісті бақылау жүргізілуде.
Жаңа туған сәбилердің өмірі ұзақ, дені сау, болашағы жарқын болсын!
Айта кету керек, Құрылтай сайлауында аудандық ауруханада ем алып жатқан науқастардың дауыс беруіне барлық жағдай жасалған. Арнайы ұйымдастырылған тәртіппен науқастар сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасауға мүмкіндік алуда.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!