Ол интернет-алаяқтардың құрбаны болмау үшін бірнеше қауіпсіздік іс-шараларын ұстану қажет екенін айтты.

Қазақстанда басынан бері 500-ден аса адам әртүрлі инвестицияларға тарту арқылы жасалған алаяқтық құрбаны болды. Бұл туралы ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оның айтуынша, Қазақстанда Қазақстанда үш айдың ішінде 4 мыңнан астам интернет алаяқтық тіркелген. Алаяқтардың құрбаны болған адамдар 3 миллиард теңгеден астам шығынға батқан. 

«Алаяқтық жасаудың ең көп тараған тәсілі – онлайн сауда, ол белгілі сауда алаңдарының сайттарында, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жарнамаларды орналастыру арқылы жүзеге асырылады. Алаяқтар тауарға немесе қызметке төмен баға көрсетіп, алдын ала төлемді немесе толық төлемді сұрайды. Биыл осындай 2 мыңнан аса қылмыс тіркелді», – деді Сүйінбай бүгінгі онлайн брифингте.

Ол интернет-алаяқтардың құрбаны болмау үшін бірнеше қауіпсіздік іс-шараларын ұстану қажет екенін айтты. 

“Біріншіден, тексерілген жарнама сайттарын пайдаланыңыз. Екіншіден, тауарды алғаннан кейін төлем туралы келісіңіз. Үшіншіден, тауардың бар екеніне көз жеткізіңіз, оның ішінде бейне қоңырау арқылы да. Егер сатушы басқа қалада болса, онда таныстарыңыздан немесе туыстарыңыздан тауарды алуды және жіберуді өтініңіз», – деді орталық бастығы министрліктің баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.

Сонымен қатар ол соңғы бірнеше айда әртүрлі инвестициялар мен инвестицияларды тарту арқылы жасалған алаяқтықтардың саны артқанын айтады.

«Жыл басынан бері 500-ден аса адам мұндай схемалардың құрбаны болды. Олар ақшаларын жұмыс істемейтін инвестициялық жобаларға салды. Сонымен қатар кейбір жағдайда осы мақсат үшін несиелер рәсімдеді. Жеңіл ақшаны іздеп жинақтарын жоғалтты. Алаяқтар ірі компаниялардың, оның ішінде ұлттық компаниялардың, банктердің, криптобиржалардың атынан жалған сайттар құру арқылы азаматтарды қызықтырады. Бұл ретте «менеджерлермен» және «брокерлермен» барлық қарым-қатынас онлайн-режимде, оның ішінде мессенджерлер арқылы өтеді. Кейбір жағдайларда алаяқтар үлкен соманы тарту үшін бір реттік дивидендтер төлейді», – деді Жандос Сүйінбай.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!