Депутаттар аталған баптарды жоятын заңнаманы сәйкестендіріп жатыр.

Қазақстанда Нұрсұлтан Назарбаевқа тіл тигізгені үшін жазаға тартатын қылмыстық жауапкершілік жойылады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұдан былай Қазақстанда тұңғыш президенте тіл тигізу қылмыс болып саналмауы мүмкін. Қылмыстық кодекстен оған тіл тигізгені үшін жауапқа тартатын (373 және 374) баптар алынып тасталады.

Енді депутаттар аталған баптарды жоятын заңнаманы сәйкестендіріп жатыр.

Мәжіліс депутаты Снежанна Имашеваның мәлімдеуінше, бұл түзетулер активтерді өтеу туралы заң жобасының кіреді.

«Мұндай түзетулер қарастырылған. Активтерді қайтару туралы заң жобасы аясындағы ілеспе құжатта жауапкершілікті алып тастайтын норма бар. Бұл қадамдар Конституцияда қабылданған түзету аясында ескерілген. Конституцияда Елбасы және оның өкілеттіктері туралы көрсетілмеген, сондықтан бұл баптар Қылмыстық кодексте қажет емес. Өйткені, Елбасы деген мәртебе қарастырылмаған және қылмыстық жауапкершілік енді болмайды әрі қолданылмайды», – деді С. Имашева.

Парламент шетелден активтерді қайтаруға қатысты заң жобаларының барлық пакетін қабылдаған кезде бұл баптар алынып тасталады.

Фото: ria.ru

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!