​Қызылорда облысы бойынша Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде «Ерлер-жердің қорғаны, елдің тұтқасы» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Бұл күн қарулы күштер қатарында қызмет еткендер ғана емес, мемлекеттің қоғамның қауіпсіздігін қорғау жолында өз қызметтеріне шексіз беріліп, антқа адалдық танытып жүрген мекеменің ер азаматтарына  арналады. 

​Ең алдымен ардагерлер алқасының төрағасы Талғат Ахметов сөз сөйлеп, жеке құрам қызметкерін келіп жеткен мереке күнімен шын жүректен құттықтады. Сонымен қатар, мекеме бастығы әділет майоры Қ.Ильясов пен мекеменің тәрбие және кадр жұмысының аға инспекторы әділет капитаны Д.Шахиды арнайы ардагерлер алқасының алғыс хатымен марапаттады. 

​Келесі кезекте, мекеме бастығы сөз сөйлеп жеке құрам қызметкерін бүгінгі мереке қарсаңында грамота және алғыс хаттар мен марапаттады. Жігіттерге арналған мерекелік іс-шара әрі қарай концерттік бағдарламамен аяқтады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!