Каспий теңізінде демалып жүрген екі ер адамның демалысы қайғылы жағдаймен аяқталуға шақ қалды. Сапбордпен серуендеп жүрген кезде оларды қатты ағыс ашық теңізге қарай алып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Көмек сұраған ер адамдарды Ақтаудағы 4А шағынауданы маңында, жағалаудан шамамен 500 метр қашықтықта ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері байқап қалған. Екеуі де құтқару кеудешесін киген, бұл қайғылы жағдайдың алдын алуға көмектескен.
Астанада шомылу маусымы басталды: Құтқарушылар қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды
«Екі ер адам қайықпен жағаға жеткізілді. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ», деп хабарлады ТЖМ.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!