Қоғамда заң үстемдігін қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғау- сот жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі. Осы бағытта кассациялық тәртіптің алар орны ерекше.

Кассациялық саты – заңды күшіне енген сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін тексеретін маңызды құқықтық механизм. Бұл саты соттардың материалдық және процестік заң нормаларын дұрыс қолдануына бақылау жасап, құқық қолдану тәжірибесінің бірізділігін қалыптастыруға ықпал етеді.

Кассациялық қарау барысында төменгі сатыдағы соттардың шешімдеріне құқықтық тұрғыдан баға беріліп, анықталған заң бұзушылықтар түзетіледі. Мұндай тәртіп сот әділдігін қамтамасыз етуге және азаматтардың сотқа деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді.

Сот жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалар аясында кассациялық өндірісті жетілдіруге ерекше көңіл бөлінуде. Бұл өз кезегінде сот төрелігінің ашықтығы мен сапасын арттыруға, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын тиімді қорғауға бағытталған.

Заң талаптарының сақталуы мен әділ шешім қабылдау – құқықтық мемлекеттің басты қағидаты. Осы орайда кассациялық тәртіп сот жүйесіндегі заңдылық пен әділдікті нығайтудың маңызды кепілі болып табылады.

А.Жұмашева
Қызылорда қаласының әкімшілік
құқық бұзушылықтар жөніндегі
мамандандырылған сотының
жетекші маманы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!