Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде 23 сәуір – Халықаралық кітап күніне орай сотталғандар арасында шара өтті. Шараның мақсаты – сотталған азаматтарды кітап оқуға баулу, рухани дамуға ықпал етіп, кітап оқу арқылы ой-өрісін дамыту. Шара барысында жаза мерзімін өтеуші азаматтар түрлі ақын-жазушылардың шығармашылығынан үзінді оқып, бір-бірімен пікір алмасты.

  • Шара барысында мен ұлы ақын – Абай Құнанбайұлының қара сөздерінен үзінді оқыдым. Соның бірі отыз үшінші қара сөзінде ақын Абай адам бойындағы ұнамсыз мінездерді көп сынға алады. «Мал тілейсіңдер, неге керек қылайын деп тілейсіңдер? Әуелі құдайдан тілеймісің? Тілейсің. Құдай берді, бергенін алмайсың. Құдай тағала саған еңбек қылып мал табарлық қуат берді. Ол қуатты адал кәсіп қыларлық орынға жұмсаймысың. Жұмсамайсың. Ол қуатты орнын тауып сарып қыларды білерлік ғылым берді, оны оқымайсың. Ол ғылымды оқыса, ұғарлық ақыл берді, қайда жібергеніңді кім біледі? … Ерінбей еңбек қылса, түңілмей іздесе, орнын тауып істесе, кім бай болмайды?» – деп, адамның ұнамсыз істерден аулақ болып, адам баласына Алланың берген сыйын қадірлей біліп, оны жамандыққа емес, еліне ғылымы мен өнерін, экономикасын көтеретін ғылым мен білімді үйренуге шақырады. Осы қара сөзі арқылы мен өзіммен бірге жазасын өтеп жатқан азаматтарды бостандыққа шыққаннан кейін өз бойындағы мінезін жақсы қырынан өзгертіп, тұра жолдан таймауға шақырамын деді С.есімді сотталған.
    Шара соңында кітапсүйгіш оқырмандар мекеме кітапханасындағы өздері оқыған кітаптарымен алмасып, басқа да жазасын өтеушілерді кітап оқуға шақырды.

    • Адина Ұзақбай
      Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!