Кітапханашы – қоғамның мәдени және білім беру өмірінің маңызды бөлігі. Олар кітаптардың, ақпараттың және білімнің сақтаушылары ретінде қызмет етеді. Бұл мақалада кітапханашылардың рөлі, маңызы және қазіргі қоғамдағы орны туралы сөз қозғаймыз.
Біз Әбділдә Тәжібаев атындағы кітапханаға келіп кітапханашы Бақыт апайымызбен пікірлестік.
– Сізге арнайы келіп едік. Өзіміздің көкейімізде жүрген бір-екі сауалымызға жауап алғымыз келеді.
– Иә, әрине сұрақтарыңызды қоя беріңіздер.
– Қазір оқырмандар қандай кітаптарды көп оқиды?
– Жалпы қазіргі жастар арасында мотивациялық кітаптарға қызығушылық жоғары. Әсіресе Луиза Хей, Джон Кехо, Джо Диспенза, Робин Шарма, Роберт Кийосаки секілді авторлардың кітаптарын көп оқиды. Бұл кітаптар оқырмандар арасында сұранысқа ие десек те болады. Сонымен қатар көркем әдебиетке қызығатын оқырмандар да аз емес. Олар өзіміздің қазақ жазушыларының шығармаларын да сүйіп оқиды. Қазақ әдебиетіне деген қызығушылықтың артып келе жатқаны қуантады.
– Жанрларына тоқталсақ…
– Оқырмандарымыздың алатын кітаптарына қарап айтқанда көбіне сол көркем әдебиет, тарихи роман жанрындағы кітаптарды, мотивациялық кітаптарды, кейбірі классик жазушылардың кітаптарын алып оқиды.
Кейінгі кезде, кітап оқитын жастар мен жасөспірімдердің саны артты десек болады. Бұрынғыға қарағанда қазіргі жастардың кітапқа деген қызығушылығы жоғары. Сондықтан «қазіргі жастар кітап оқымайды» деген пікірмен толықтай келісуге болмайды. Егер адам кітаптың жанрын, мазмұнын және астарындағы ойды түсіне білсе, оның кітапқа деген қызығушылығы екі есе артады. Әр оқырман өзіне ұнайтын жанрды тапқанда, кітап оқуды әдетке айналдырады. Біздің кітапханаға келетін оқырмандардың басым бөлігі – жастар. Бұл қазіргі қоғамда кітапқа деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді.
Кітап оқитын жастардың ойы
Кітап – адамның ой-өрісін кеңейтетін, сөздік қорын байытатын және дүниетанымын қалыптастыратын маңызды құрал. Бүгінгі жастар да кітап арқылы өзін дамытуға, жаңа ой қалыптастыруға және өмірлік тәжірибе жинауға қызығушылық танытып жүр. Қазіргі қоғамда «жастар кітап оқымайды» деген пікір жиі айтылады. Осы пікірдің қаншалықты рас екенін білу үшін Ақнұр есімді студентпен пікір алмастық
– Қазір кітап оқуға артық уақыт табасыз ба?
– Иә, көбіне кешкі уақытта,қолым босаған кездерде кітап оқимын.
– Сізді кітап оқуға не қызықтырады?
– Әр кітаптан жаңа ой мен мотивация аламын. Кейде кітап адамның ойлауын өзгертеді.
– Сіз қандай кітаптарды жиі таңдайсыз?
– Көбіне мотивациялық және психологиялық кітаптарды оқимын. Сонымен қатар көркем әдеби шығармалар да қызық.
– Электронды кітап дұрыс па, әлде қағаз кітап па?
– Қағаз кітап оқыған ұнайды. Себебі кітаптың әсері ерекше болады.
– Қазіргі жастар кітапқа қызыға ма?
– Иә, қызығады. Әсіресе қазір әлеуметтік желі арқылы да көп адам кітап оқуға қызығып жүр.
– Кітап сізге не береді?
– Кітап адамның сөздік қорын дамытып, ой-өрісін кеңейтеді. Қазіргі жастардың кітапқа деген қызығушылығы жоғары. Әсіресе мотивациялық, психологиялық және көркем әдеби кітаптарға сұраныс артқан.
Сұхбат барысында жастардың кітапты тек уақыт өткізу үшін емес, өзін дамыту, жаңа ой қалыптастыру және рухани білім алу үшін оқитыны байқалды. Кітап – адамды ойлануға, ізденуге және дамуға жетелейтін маңызды құрал. Сондықтан кітаптың қоғамдағы орны әрқашан ерекше болып қала береді.
Мансұр ОРАЗ
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
