Бүгін сағат 13-те 24 минут өткенде Қызылорда қаласы, Ақмешіт м/а №28 5-қабатты тұрғын үйдің 4-қабатында орналасқан №28 пәтер жануда деп хабарлама түсті. Оқиға орнында №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен 5 қызметкер 1 бірлік техника, №5 өрт сөндіру бөлімінен 5 қызметкер, 2 бірлік техника өрт сөндірді.
Өрт сағат 13-тен 48 минут өткенде толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Подъезд ішіндегі баспалдақ арқылы 23 адам қауіпсіз жерге көшірілді.
Қызылорда облысы ТЖД
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!