Фото: Мәди Ахметов парақшасынан

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының төртінші апталығы аяқталды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. 

Алматы облысы жастар саясаты мәселелер басқармасының басшысы Мәди Ахметов «Таза Қазақстан» акциясына қатысып жатыр.»Алматы облысында “Таза Қазақстан” экологиялық акциясының төртінші апталығы аяқталды. Осы уақыт аралығында облыс тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар, кəсіпорындар өз аулаларында тазалау жұмыстарын жүргізді.Сонымен қатар, тарихи-мəдени ескерткіштерді абаттандыру, ағаш көшеттерін отырғызу, айналаны əктеу , ардагерлердің ауласын тазалау, қарттар үйлерін көгалдандыру жұмыстары ұйымдастырылды.Бұл бір айға созылатын кезекті науқан емес, жүйелі жұмысқа, экологиялық мәдениеттің қалыптасуына негіз болады деген ойдамын», – деп жазды ол Facebook желісіндегі парақшасында.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!