Жол үстінде сабыр мен сақтықты серік еткен абзал. Темір тұлпарды тізгіндеген әрбір адамға қатысты қағида осы. Бүгін ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесіне Қызылорда қалалық полиция басқармасынан арнайы маман келіп, жеке құрам қызметкерлеріне жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау туралы түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Кездесу барысында полиция майоры, взвод командирі Бектұр Сатенов тақырып төңірегінде тарқата сөйледі. Оның айтуынша, жылдамдықты шамадан тыс арттыру, көлік тізгіндеу кезінде телефон қолдану қауіпке ұрындырады. Қызмет бабында болсын, жеке уақытта болсын, әрбір қызметкер заң талаптарын қатаң сақтауы тиіс. Өйткені, қарапайым ережені елемеу адам өміріне үлкен қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан, жол қозғалысы ережелерін сақтау мен көліктердің техникалық жағдайын тексерудің маңызы зор. Бәріне байыппен қарасақ, қауіп пен күдік те сейіледі.
Сондай-ақ, қызметкерлердің автокөлігі де тексеріліп, қажетті құжаттардың түгел болуына назар аударылды. Қызметкерлер толғандырған сұрағын қойып, өзара пікір алмасу өрбіді. Мұның өзі сақтыққа салғырт қарамаудың көрінісі іспетті.
З.Қонысжан
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!