Мен бүкпесіз, ашық айтқанды ұнатамын.

Отандық эстрада жұлдызы Меруерт Түсіпбаеваның даулы мәселелерге пікір білдіріп, жанжалдың арасында жүретіні көпке белгілі. Әнші бұл мінезінен опық жегенін де жасырмады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Менің шынайылғым көп адамдарға ұнамайды. Бірақ бұл менің алған тәрбием. Мен бүкпесіз, ашық айтқанды ұнатамын. Шынайылғым маған сөзсіз кедергі жасайды. Алайда шынайы болғаным үшін ешқашан өкінген емеспін. Барды бар, жоқты жоқ деп айтамын”, – дейді Меруерт Түсіпбаева.

Адам бар болмысын жасырмай көрсету керек дейтін өнер иесін желі қолданушылары да қолдай кетті.

“Сізді осы мінезіңіз үшін сыйлаймын”, “Бетке айтсаң ешкімге жақпайсың”, “Турасын айтқан туысына жақпас дегендей”, “Жарайсыз”, “Бұл мінезді өзгерте алмайсың”, – деп пікір қалдырды желідегілер әншінің ұстанымын қолдап.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!