Оралда 13 жасар қызды топ болып зорлады деген күдікке ілінген мектеп оқушыларының соты басталды. Айыпталушылар – бес адам. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қылмыс 12 маусымда сағат 01:00 шамасында болған. 16 және 15 жастағы кәмелетке толмаған төрт жасөспірім жалдамалы пәтерде 13 жастағы қызды зорлаған. Кейін тағы бір жас жігіт күдікке ілікті. Ол ересек. Қылмыс болған пәтерді де кәмелетке толған жігіт жалға алған. Тергеу мәліметтері бойынша, қызды пәтерге алдап кіргізген.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, сотқа жіберілгенін хабарлады. Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, іс өткен жылдың 13 желтоқсанында қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотына келіп түскен. Қазір ол қарастырылып жатыр, процесс зардап шеккендер мен айыпталушылардың жасына байланысты жабық режимде өтеді.

Айыпталушылардың бәрі – бес адам. Оның төртеуі кәмелет жасына толмаған. Оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігі «Кәмелетке толмағанды зорлау» бойынша айып тағылды. Бұған қоса, оларға ұрлық пен тонау жасады деген айып тағылып отыр.

Еске салайық, бұған дейін Оралда тоғызыншы сынып оқушылары емтихан тапсыратын күні 13 жастағы қызды топ болып зорлағаны айтылды. Қызды зорлады деген бесінші күдікті де ұсталды. Жасөспірім қызды мектеп оқушылары жабылып зорлаған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!