Полицейлер жоғалған 7 жастағы Қармақшы ауданы, Тұрмағанбет ауылының тұрғынын іздеп жатыр. Бұл туралы Қармақшы аудандық полиция бөлімі өзінің Facebook әлеуметтік желісінде хабарлады.

07 тамызда Қармақшы аудандық Пб-не жоғалған қыз туралы хабарлама келіп түскен.

Әкесінің айтуынша, 2016 жылы туған Дәуренбекқызы Жібек 06 тамыз күні сағат 18:30 шамасында үйден шығып, қайта оралмаған.

Қыздың жүрген жерін анықтау үшін Қармақшы аудандық Пб-нің барлық жеке құрамы жұмылдырылды.

Жібек Тұрмағанбет ауылының N°29 мектептің 2 сынып оқушысы.

Бойы 135-140 см, арық денелі, шашы сарғыштау, көздері қысыңқы келген.

Қызды іздеу ДП басшылығының ерекше бақылауында.

Жоғалған қыздың қайда екені туралы ақпарат білетіндер болса, 102 телефоны арқылы полицияға хабарласуды сұраймыз.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!