Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

KAZINFORM – Премьер-министр Олжас Төтенше жағдайлар министрлігіне тасқын қаупі төнген елді мекендердің тұрғындарын қажет болса, мәжбүрлеп көшіру туралы тапсырма берді.

«Кейбір өңірлерде тасқын қаупі әлі сейілген жоқ. Өзендерде су деңгейінің көтерілу фактілері тіркелуде. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі әкімдіктермен бірге тасқынмен байланысты жағдайға бақылауды күшейте берсін», – деді ол Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, ол тасқын жағдайында батыл әрекет ету маңызды екенін атап өтті.

«Қажет болған жағдайда шұғыл әрекет етіп, халықты көшіруді қамтамасыз етсін. Қайталап айтам, керек болса, мәжбүрлі түрде көшіру қажет», – деді Олжас Бектенов.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!