2025 жылдың 06 ақпанында Қызылорда «Болашақ» университетінде «Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің қызметкерлерімен «Құқықтану» және «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламаларының білім алушылары арасында кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты – білім алушыларға құқықтық статистика және есепке алу органдары қызметінің негізгі бағыт – бағдарларын, Комитетпен жүзеге асырылатын жұмыстардың заманауи ерекшеліктерін, Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына жолдауын қоғамдағы заң мен тәртіп иедологиясын жан-жақты талқылау, сонымен қатар  қызметке қабылдау мен орналасу тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады.

Шараны ұйымдастырған «Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің қызметкерлері қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің бастығы  Е.Жукашев, қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің прокуроры Т.Искаков, ақпараттандыру және  ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі аға прокуроры А. Көпболсын білім алушыларға тақырып аясындағы мәселелерді егжей-тегжейлі баяндады.

Кездесуде қызметкерлер білім алушыларға «Тәртіпті өзіңнен баста» тақырыбы аясында Комитетпен жүргізіліп жатырған жобалардың «Qamqor.gov.kz» порталыинтернет-ресурс сайты арқылы толық көруін, қол жетімділігін, қылмыстық құқық бұзушылық пен географиялық  карталарын, жол-көлік оқиғасының картасы бойынша «Ақпараттық-сервис» жүйесін қолданылуын терең түсіндірді.

Білім алушылар арасында Комитеттің прокурорлық қадағалау мен ІТ – технологияларды қолдану бөлігіндегі өзіндік қызметтің ерекшелігі мен  қоғамдағы беделі айрықша қызығушылық тудыртты. Қызметке қабылдау тәртібі, кәсіби  шыңдалу тағылымдамасынан өту туралы мансаптық өсу  мәселелері атап өтілді. Сонымен қатар, білім алушылар қылмыстық істерді тергеп-тексеру мен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерге арналған процестерге ІТ – технологияларды енгізу туралы жұмыс барысымен    таныстырылып мағлұмат алды.

Кездесуде «Құқықтану және қоғамдық пәндер» кафедрасының з.ғ.к., профессоры Молдабек Меңлібайұлы Ахметов  осындай білім алушы жастарға арналған кездесулердің жиі өткізіліп,  бұндай бас қосулар болашақ мамандарға пайдасы зор деп пікірін білдірді.

Прокурорлар заңның барлық азаматтарға бірдей екенін түсіндіріп, қоғамдағы тәртіп бұзу фактілері анықталған жағдайда қалай әрекет ету қажеттілігі туралы түсіндірді. Кездесу ашық диалог формасында өтіп, білім алушылармен ұстаздар қауымы сауалнамалар қойып сұрақ жауап алмасты.

Кездесу соңында «Құқықтану және қоғамдық пәндер» кафедрасының меңгерушісі з.ғ.к. проф.м.а., Гулнар Ишанбекқызы Аргинбекова прокуратура қызметкерлеріне осындай шараны бірлесіп ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!