Бүгін таңертең еліміздегі саяси науқанға Қармақшы ауданының тұрғындары да белсенділікпен қатысуда.

Тұрғындар арасында көтеріңкі көңіл-күй қалыптастыру үшін барлық сайлау учаскелерінде радиоконцерттер мен түрлі акциялар ұйымдастырылуда.

Сайлау учаскелерінде ең алғаш дауыс беруші мен қарт сайлаушыға арнайы сый-сияпат жасалды.

Атап айтсақ, Ақай ауылдық округінде №116 сайлау учаскесіне 80 жастағы Қыпшақбайұлы Жақсылық ақсақал арнайы келіп өз дауысын беріп, таңдауын жасады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!