Бүгін БҰҰ деңгейінде Ядролық қарудан бас тарту күні. БҰҰ Бас Ассамблеясы Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күнін Қазақстан бастамасымен жариялаған еді.
Мемлекет басшысы айтулы күнге орай Twitter-де жазба жариялады.
«Бүгін – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні. Бұл күннің бүкіл адамзат үшін мән-маңызы айрықша. Қасиетті қазақ жері атом сынағынан орасан зор зардап шекті. Мұндай қасірет ешқашан қайталанбауы керек. Қазақстан ядролық қауіпсіздік қағидаттарын әрдайым берік ұстанады», – деді Мемлекет басшысы.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!