Қазақстанда соңғы сегіз айда ет бағасы 7,4 пайызға өсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі energyprom.kz басылымына сілтеме беріп.
Қой етінің бағасы 14,6 пайызға өсті. Сондай-ақ жылқы еті бағасының айтарлықтай өсуі 9,4 пайызға байқалды. Сиыр еті 7,8 пайызға, құс еті 3,2 пайызға қымбаттады.
Тамыз айында дүкендерде және базарларда сүйектері бар сиыр етінің бағасы бір килограмм үшін орташа есеппен 2,2 мың теңгеге жеткен. Жылқы етінің құны бір килограмм үшін – 2,5 мың, қой етінің құны — 2,4 мың теңге.
Статистикаға сүйенсек, қаңтар-тамыз айларында ет өндірісі 43 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың 8 айымен салыстырғанда 4,6 пайызға аз. Салқындатылған құс етін өндіру, керісінше, 4,3 пайызға артып 71,6 мың тоннаға жетті.
Қазақстанда азық-түлік бағасы қымбаттауына байланысты 8 тергеу басталды
Бағаның өсуінен кейін елде ет тұтыну мөлшері азайды. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша қой етін тұтыну 10,6 пайызға, жан басына шаққанда 2,5 килограмға дейін, тауық етін тұтыну 4,4 пайызға, 2,2 килограмға дейін қысқарды. Сонымен бірге сиыр етін тұтыну жан басына шаққанда орташа есеппен 0,9 пайызға 11,8 килограмға дейін өсті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!