Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов үкімет отырысында осылай деді. Айтуынша, мамыр айында жылдық мәнде 15,9%-ға дейін төмендеген. Инфляцияның айлық деңгейі 0,6%-ды құраған.
«Жылдық мәндегі азық-түлік инфляциясы ақпан айындағы ең жоғары 26,2%-дан 16,5%-ға дейін баяулады. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар инфляциясы – 17,2%-ға, ақылы қызметтер инфляциясы 13,5%-ға дейін бәсеңдеді. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша бензин мен дизель отынының шекті бағалары көтерілгендіктен жанар-жағармай бағасы өскенін атап өткен жөн. Ұлттық банк инфляцияның баяулау үрдісі одан әрі жалғасады деп күтеді», – дейді ол.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!