Фото: volleyfederationkz
Филиппиннің Кандон қаласында волейболдан әйелдер командалары арасында өтіп жатқан Азия кубогы додасында Қазақстан құрамасы қола жүлде үшін сынға түсті, – деп хабарлайды KAZINFORM.
Асқар Шалқыбековтің шәкірттері Вьетнам құрамасымен үшінші орынды сарапқа салды.
Топтық бәсекеде қазақстандықтар Вьетнамды 3:2 есебімен жеңген еді.
Жартылай финалда Қазақстан командасы Тайбэйге есе жіберсе, вьетнамдық волейболшылар Оңтүстік Кореядан ұтылып қалды.
Бұл жолы Вьетнам құрамасы есе қайырып, 3:0 (25:17, 25:12, 25:19) есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, қазақстандықтар Азия кубогын жүлдесіз аяқтап, төртінші орынға ие болды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!