Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде 2024 жылдың бастапқы 3 айында арқарылған жұмыс нәтижесіне қорытынды жасалды.

Жиынды департамент бастығының орынбасары Накенов Мұрат ашып, мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алтынбек Тұрарбекұлы 3 ай қорытындысы бойынша жедел-қызмет жұмысының қорытындысы туралы баяндады.

Жедел кеңеске №60 мекеме бастығы әділет подполковнигі Мақсұт Өтегенұлы, ардагерлер ұйымының төрағасы Т.Ахметов, «Еңбек-Қызылорда» филиалы директорының орынбасары Е.Баудинов, №9 Кәсіптік колледж директоры А.Ертелеуов, №6 Кәсіптік колледж директоры А.Досмаханова, №7 Кәсіптік колледж директоры Б.Кенбаев пен жеке құрам қызметкерлері қатысты.

Жедел кеңес барысында департамент бастығының орынбасары Накенов Мұрат әр бөлімнің атқарған нәтижелі істері мен кем-кетік тұстарына тоқталып өтті.

Жедел кеңесті қорытындысы бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілгеніне тоқталып, жұмыс барысында ешбір кемшіліктің орын алмау керектігі жөнінде ескерту жасады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!