Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл қоғам мүшелерінің жемқорлықты қабылдамауы, оған төзбеуі және адалдық пен әділдік қағидаларын ұстануы. Мұндай мәдениет қалыптасқан жағдайда адамдар заңсыз әрекеттерге бармайды және өз құқықтарын қорғауға белсенді қатысады.
Еліміз тәуелсіздік алғалы қоғам алдындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес өзектілігін жойған емес. Күнделікті бұқаралық ақпарат құралдарынан сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылық фактілері орын алғанынан хабардармыз.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру керек.
Ал мұндай мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады.
Сырдария аудандық мемлекеттік қазынашылық басқармасында сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықты болдырмау және оның алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары, дөңгелек үстелдер, техникалық сабақтар жүйелі ұйымдастырылып отырады.
Сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтың отбасына, ұжымға, жалпы қоғамға тигізер зардабы жөнінде ұжымда, отбасында ой қозғау, тәрбиелік жұмыстарын жүргізу – өскелең ұрпақ бойынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыруда нәтижелі іс болары анық. Себебі тәрбие отбасынан басталады.
Индира СӘРСЕН,
Сырдария аудандық
мемлекеттік қазынашылық
басқармасының маман-бас қазынашысы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!