Соңғы кездері бұндай проблемалар жиі талқылануда. Әрине, шет аймақтар да және шет елдерде «көгілдір жігіттер» әңгімесі адам шошырлықтай. Бірақ қазақ халқы үшін өте ауыр проблема деп ойлаймын. Ер жігіттеріміз түрін, денесін, кейіпін, болмысын өгертуге құштар болмаса екен. Мұндай қадамға ата-баба дәстүр-салты да қарсы. Жалпы тарихты парақтайтын болсақ, қызтекелер мен еркекшора әйелдер бұрыннан-ақ бар болған деседі. Алайда ХХ ғасырға дейін діни заңдар мен өкілдер оларды шеттетіп, іс-әрекеттерін хайуандыққа теңеп, асып өлтіруге дейін барған. Жиырмасыншы ғасырдан кейін олардың генетикасымен ғалымдар айналыса бастайды. Ең алғаш оларды жақтап, олардың теңдігі үшін күрес Карл Генрих Улриктің кітаптарында кездеседі. Замандастары бұл жайлы сөз қозғап және кітап шығарған Карлды басында психологиялық ауытқуы бар деп ойлаған. Бірақ 1973 жылы американдық психиатрлар кеңесі мұндай адамдарды дені сау деген шешім қабылдайды. Ал физиолог ғалымдардың айтуынша, бұл – адам бойындағы физиологиялық ауытқу. Бұл жерде пайда болып немесе ананың құрсағында жатқанда гормондардың ауытқуынан пайда болуы мүмкін деседі. Бірақ менің ойымша, көгілдір жігіттер мен еркекшора әйелдердің болуы – өзінің түріне немесе дене бітіміне толыққанды көңілінің толмауы.

Әр адамның өзіндік өмірі бар. Әр адам өзі қалағанша өмір сүруге құқылы. Біз оларға «сен былай жаса» деп айтуға құқығымыз жоқ. Себебі біз олар үшін ешкім емеспіз. Қазір жынысын ауыстыруға да, рұқсат етіп жатыр. Бұл біз үшін, яғни, қазақ халқы үшін өте кереғар тірлік. Еркек болып туылғаннан кейін еркек болып қалу керек. «Ұлым өмірге келді, қызды болдым» деп қуанған ата-анамызды бір сәт ойлағанымызда абзал болар.

Аружан НОҒАЙ

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!