Қызылордада пара алған мемлекеттік қызметкерге сот үкімімен 15 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпара  агенттігі Qazaqstan арнасына сілте ме жасап.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы бөлім басшысы 500 мың теңге пара алды деп айыпталған.

Бұл ақшаны экс-шенді 2021-2022 жылдары жол жөндеу жұмыстарының орындалу актілеріне қол қойғаны үшін мердігер компаниядан алған. Жемқорлыққа барған басшы кінәсін мойындап, жазасы жеңілдетілді.

Дегенмен сот шешіміне сәйкес, ол мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!