Сыр өңіріндегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Сыр елі», «Жанкент», «Самұрық» және «Жібек жолы» шаңырақ оқушылары ата-аналарымен бірге қаладағы №5 көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатына барып, кезекті спорттық шарасын өткізді.

Білім алушылар бірнеше эстафеталық ойындарда сайысып, салауатты өмір салтын насихаттады.
«Өңірдегі Зияткерлік мектеппен байланыс орнатқанымызға өте қуаныштымыз. Оқушыларды осындай шараларға тартып, жақсылық жасауға баулу – үлгі алар іс», – деп бөлісті интернат директоры Жамбыл Ахметов.

Достық жеңген додада командалар «Ракета», «Қыран», «Жұлдыз» номинациялармен марапатталды. Әдеттегідей зияткерлік мектеп белсенділері өз достарына спорттық формалар мен тәттілер сыйға тартты. Шара соңында барлығы флешмоб билеп, достық қарым-қатынастарын арттырды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!