Еліміз жаңа қадамдарға қадам басатын кезеңге жетіп, референдум арқылы маңызды шешім қабылдайтын уақытта таяды. Алдағы референдум елде бүкіл жүйені демократияландыру мен либерализациялау жүріп жатқанын көрсетеді.  Жалпы қай ел болмасын, өзінің Конституциясынан қуат алып, бейбіт тұрғындардың құқығы мен бостандығын сақтап отырады. Демократия деген ұғымның құнын Ата Заңы арқылы арттырады. Ал, ол құнды құжатқа ие болу – сол мемлекеттегі әрбір азаматтың міндеті. Сондықтан бұл референдум Қазақстан халқының жұдырықтай жұмылып, теңқұқықты қоғамға негізделген екінші республиканы құру жолындағы маңызды қадамы болғалы тұр. Өз Отанын сүйетін әр азамат ел тарихында елелулі орын алатын бұл науқаннан тыс қалмайды деп ойлаймын.

Алдан БАЛТАЕВ,

«Байқоңыр» футбол клубының спорт директоры

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!