ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Геннадий Шиповскихтің сапары Бестам ауылының тұрғындарымен кездесіп, референдум өткізудің маңыздылығын түсіндірді.

Бестам ауылына кездесуге «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының штаб төрағасы Сыздық Болат Мүбаракұлы, штаб мүшелері Қасымов Қалмырза Айдарұлы, және облыстық мәслихат депутаты Дүйсенбек Баян Сабырқызы, штаб мүшесі Сапарбаев Нұрсұлтан Аманғалиұлы қатысты.

Мәжіліс депутаты өңірге жасаған жұмыс сапарында елді мекеннің жай-күйімен танысты. Сонымен қатар Мәжіліс Депутаты Геннадий Шиповских, референдум өткізу – демократиялық дамудың жаңа көрінісі екендігін, референдум арқылы мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа жүйесіне көшу жүзеге асырылатындығын атап өтті.

Ауыл тұрғындары референдумды қолдайтындарын жеткізіп, депутатпен пікірталастарға белсене қатысып, көптеген сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!