Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифингіде ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният сайлаудың онлайн өтуі Конституциялық заңға қайшы келетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сайлау онлайн өтпейді. Еліміздің Конституциялық заңына сәйкес, әр азамат өзінің сайлау учаскесіне барып, өзінің жеке куәлігін көрсетіп, дауыс беруі керек. Министрлік пен медициналық қызметкерлер барлық қауіпсіздік жағын қамтамасыз етуіміз керек. Сондықтан сайлау учаскелерінің кіре берісінде байланыссыз термометрия және сайлаушылар үшін қозғалыс бағыты бойынша қашықтық белгілерінің көрсеткіші болуы керек», – дейді ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният.

Сондай-ақ, ол сайлау комиссиясының жұмысын барлық кезең ішінде әрбір 3 сағат сайын бақылап, маска тағу режиімн сақтауы керек екенін айтты.

«Қолды дезинфекциялауға арналған санитайзер болуы керек. Жиһаз бен техникалық жабдықтар бір-бірін 1,5-2 метр қашықтықта орналасуы керек. Учаскеге келген сайлаушының бәрі медициналық маскамен келуі тиіс және оқшаулау режимін белгілеп, арақашықтықты сақтаулары қажет», – дейді ол.