Бұл – аймақтығы үлкен проблема.

Семейде қаңғыбас иттер сегіз жасар қызға шабуыл жасаған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 21 сәуір күні сағат 18:00 шамасында Бөгенбай батыр көшесінде болған. Бір топ жабайы ит ана мен балаға шабуыл жасап, балаға тап берген.

«Қолын тістеп, содан соң бетін талады. Қуаныштысы, қыз қалың қысқы күртешеде болды. Өте агрессивті иттер екен. Ұлыммен бірге иттерді әрең дегенде қуып жібердік», – деді семейлік әйел.

Жәбірленушінің әкесі айтқандай, осыдан кейін бала шок алып, үнемі жылайтынды шығарған.
«Қызым жалғыз қалғанда, не болатынын елестете алмаймын. Қанша екпе алдық, тағы да ине салдырамыз. Бұл – аймақтығы үлкен проблема. Балалар мектепке және жаттығуларға барудан қорқады, өйткені қаңғыбас иттер өріп жүр. Иттерді ұстау қызметінің бірдеңе істеуге құлқы жоқ, ал полиция ештеңе істей алмайды. Біз қайтеміз? Мына жағдай тағы қайталануы мүмкін. Қызымның бетінен қан кетті, тістері терең батқан, тыртық қалды. Қазір ем алып жатыр», – деді қыздың әкесі.

Фото: Stan.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!