Өмірге біз сыналу үшін келеміз және осы біздің жолымызда тұратын кішкентай сынақтардың бірі − ҰБТ.

Ұлттық біріңғай тестілеуді жастар өмірдің соңы, ҰБТ-мен өмір тоқтап қалады деп түсінеді. Жоқ! ҰБТ-мен өмір тоқтап қалмайды, әркімнің жолы, тағдыры әртүрлі: біреуі грантты жеңіп алса, біреуі гранттан да жақсырақ жолға түсіп, өзінің өмірін сүреді. Әрине мемлекеттік грант бұл – ең бірінші ата-ана абыройы және баланың ата-анаға кішкене болсын көмегі.

Грант – шәкіртақы, студенттік өмір, жаңа орта, даму, оқу, мүмкіндікттерді пайдалану. Ең қиыны – ҰБТ-ға дайындалып тақырыпты түсіну емес, ең қиыны – болашағыңды таңдау, болашақта қандай маман иесі боласың және қандай пәндерге қызығасың, осының бәрін шешуші тест деп санаймын. Барлық мамандықты зерттейсің, түсінесің, өзіңді жаңа қырыңнан танисың. Бірақ грантқа түспей қалсаң, өмір тоқтамайды, жалғасады!

Мүмкін сені алда жаңа мүмкіндіктер күтуде. Сондықтан өмірге жеңіл қарап үйрену керек. Ал енді ҰБТ-ға дұрыс дайындалудың жолдарын айтып, өз ойыммен бөлісейін.

Ең алдыңғысы, жүйелі жоспар: күніне неше тақырыпты меңгеруің керек, қандай тақырыпты қайталауың керек, бәрін жоспар арқылы орындау. Жоспарсыз жоғары балл алу мүмкін емес.

Содан кейін, өзіңе демалыс беру. Қатты беріліп оқығаннан ойың шашырап кету, тақырыпты түсінбеу тәрізді процестер болады. Мұның барлығы миға демалыс бермеуден болады. Ойыңды сабаққа ғана арнамай, достарыңмен серуендеп, ата-анаңмен әңгімелесіп, өзіңе көңіл бөлуің керек.

Қосымша курспен де, курссыз да дайындалып, грантқа түсіп жатқандар өте көп. Әрине бұл талапкердің өзіне байланысты.

Каусар АБДРАСУЛ,
11-ші сынып оқушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!