Қайғылы жағдай 16 наурыз күні сағат 15:35-те Қонаев даңғылындағы тұрғын үй кешенінде болған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оқиға орнына келген жедел жәрдем мамандары баланың бірден көз жұмғанын мәлімдеген. Ал полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеді.

Инсайдерлік ақпараттың дерегінше, анасы баласын халық емшісіне көрсету үшін Атыраудан Шымкентке келген.

17 жастағы жасөспірімнің өлімінің себебі «суицид» болуы мүмкін.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!