Қызылорда қаласының №2 сотының баспасөз қызметі Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қ.Ысқақовтың ісіне қатысты түсініктеме берді.

«Әлеуметтік желіде Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қ.Ысқақовқа және т.б. азаматтарға қатысты бейнежазбалар тарауда.

Аталған үкімді Қызылорда қаласы №2 сотының судьясы 2020 жылғы 10 желтоқсанда қабылдаған болатын.

Бүгін сотталғандар мен олардың адвокаттарынан облыстық сотқа – апелляциялық сатыға шағымдар келіп түсті.

Үш судьядан құралған апелляциялық сот алқасы шағымдарда көрсетілген уәждерді жан-жақты зерттеп, тиісті бағасын беретін болады» делінген онда.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!