Қоғамдық қатынастарда кез келген ақпаратты немесе құжаттарды қағаз нұсқаға қарағанда электронды форматта әзірлеу және ұсыну өзектілігі әлі жалғасуда. Осы тұрғыдан қарағанда дамыған қоғамның негізгі мақсаттарының бірі – барлық қатынас электронды, цифрлы болуы шарт.

Осы үдеріс елімізде басқа органдармен қатар сот жүйесіне де толықтай енді деп айтуға болады. Осы мақсатта сіздермен сот жүйесіндегі цифрлық жаңашылдықтармен таныстырып өтсем.

Бұрын сот органдарына жүгіну кезінде қандай да болмасын арыз, өтінішхат, талап немесе құжаттар қағаз нұсқада ұсынылатын. Өз кезігінде осы формат сотқа жүгінушіге де сот қызметкерлеріне де тиімсіз еді. Себебі кез келген арызды қағаз нұсқада басып шығарады, құжаттардың көшіремесін өткізіп сотқа ұсынады. Ал соттың кеңсе қызметкер ұсынылған барлық құжаттарды сканерлеп іс карточкасына электронды нұсқада салады. Бұл жерде шығын мен уақыттан көп ысырап болады.

Қазіргі таңда сот кабинеті сервисі тұрақты түрде жұмыс жасауда. Осы негізде арызды қағазға шығармай ақ электронды форматта, басқа құжаттардың сканерленген нұсқадан сотқа электронды цифрлық қолтаңба арқылы жолдауға мүмкіндік туды. Сонымен қоса сот кабиеніт арқылы мемлекеттік бажды да ешқандай қосымша алымсыз толеуге де болады. Ал оның түбіртегі сот кабинетіне тікелей орналастырылады. Сондай-ақ сенімхатты да сервис арқылы тегін рәсімдеуге мүмкіндік бар.

Сот кеңсіне келген сот кабинеті арқылы келген электроды арыз бен құжаттар сот органдарының бірыңғай «Төрелік» бағдарламасына енгізіле отырып тіркеледі. Демек бұл жерде құжатты кезектен тыс қабылдау, бір құжатты жою сынды қолайсыз жағдайлардың орын алуы мүмкін емес. Сонымен қатар сотқа жүгінуші өзінің ісінің қозғалысы туралы қашықтықтан бақылай алады.

Бұл дегеніміз сот жүйесі ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз етуде деп айтуға толық негіз бар.

Сонымен қатар цифрландырудың тағы бір ерекшеліктері сот отырыстарының онлайн форматта өткізілетіндігі. Бұрын өз қалаңыздан алыс жерде жүрген уақытта тараптың қатысуы үшін сот отырыстарын кейінге қалдыратын. Ал қазіргі уақытта үйіңізден шықпай ақ онлайн сот отырыстарына қатысуға жүз пайыз кепілдік бар.

Осы аталған жаңашылдықтың барлығы алдымен халыққа тиімді қызмет ұсыну екендігін ұғынған жөн.

Төлеубай Дәулет

Қызылорда қалалық сотының жетекші маманы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!