«Қазақтелеком» басшысы Бағдат Мусиннің «vibe coding білмейтін, оны қолдана алмайтын адамды жұмысқа алмаймыз» деген мәлімдесін сіз де естіген боларсыз. Иә, бүгін жұмыс іздегенге оңай олжа жоқ. Нарықтағы бәсекелестік артып, дағдылардың «жарамдылық мерзімі» бұрынғыдан әлдеқайда қысқарды.
Кеше ғана сұранысқа ие болған қабілет бүгін ескірді. Сондықтан мамандардан диплом немесе еңбек өтілі ғана емес, жаңа технологияларды меңгеру, жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану және үздіксіз даму талап етілуде.
Цифрлық дағды жайында айтуы да, талап етуі де жайдан жай емес. Себебі Мусиннің бұл салаға көзқарасы теориялық емес, практикалық тәжірибеге сүйенеді. Бұрынғы Цифрлық даму министрі ретінде ол жасанды интеллектінің әсері мен өзгерісін жақсы біледі. Ал жаңа жағдайда негізгі құндылық – үйреншікті жұмысты орындау емес, оны автоматтандыру қабілеті. Яғни, бір маманның орнында ондаған сандық агентті іске қоса алатын дағды алдыңғы орынға шығады. Оның сөзінше, болашақта бір адам 20-30 цифрлық агентті басқарып, бұрын тұтас бөлім атқарған жұмысты жалғыз өзі атқара алады.
Цифрлық дағды жайында айтуы да, талап етуі де жайдан жай емес. Себебі Мусиннің бұл салаға көзқарасы теориялық емес, практикалық тәжірибеге сүйенеді. Бұрынғы Цифрлық даму министрі ретінде ол жасанды интеллектінің әсері мен өзгерісін жақсы біледі. Ал жаңа жағдайда негізгі құндылық – үйреншікті жұмысты орындау емес, оны автоматтандыру қабілеті. Яғни, бір маманның орнында ондаған сандық агентті іске қоса алатын дағды алдыңғы орынға шығады. Оның сөзінше, болашақта бір адам 20-30 цифрлық агентті басқарып, бұрын тұтас бөлім атқарған жұмысты жалғыз өзі атқара алады.
Еңбек нарығын өзгерткен басты фактор – жасанды интеллект пен автоматтандыру технологиялары. WEF зерттеуінде жұмыс берушілердің 86%-ы жасанды интеллект пен ақпараттық технологиялар бизнес моделін түбегейлі өзгертетін негізгі фактор болады деп есептейді.
McKinsey Global Institute бағалауы бойынша, қазіргі технологиялар әлемдегі жұмыс уақытының 30-50%-ын автоматтандыруға техникалық тұрғыдан қабілетті. Бірақ бұл «жұмыс жоғалады» дегенді білдірмейді. Керісінше, жұмыс функциялары қайта бөлінеді: бір бөлігі алгоритмдерге өтсе, екінші бөлігі адамның бақылау, шешім қабылдау және үйлестіру функциясына ығысады. Осы жерде жаңа еңбек моделі қалыптасады. Адам – орындаушы емес, жүйе басқарушысы.
Егер 10-15 жыл бұрын еңбек нарығында негізгі талаптар кәсіби тәжірибе мен техникалық біліктілік болса, қазір олардың құрылымы өзгерді. WEF мәліметі бойынша, ең жылдам өсіп келе жатқан дағдылардың қатарына жасанды интеллект және big data, цифрлық сауаттылық, киберқауіпсіздік, аналитикалық ойлау, икемділік пен бейімделу қабілеті кіреді. Ал керісінше, қолмен орындалатын, қайталанатын операциялар, мысалы дерек енгізу, стандартты есеп жүргізу, механикалық өңдеу маңызын жоғалтып келеді. Бұл – қарапайым еңбек түрінің жойылуы емес, олардың автоматтандырылуы. Яғни адам орындайтын операция азайып, адамның ойлау функциясы күшейіп жатыр.
Кейінгі екі жылдағы зерттеулер еңбек нарығында жаңа «көрінбейтін сүзгі» пайда болғанын көрсетеді. Ол – AI сауаттылық деңгейі. Жуырда жүргізілген эксперименттік зерттеулер көрсеткендей, AI дағдылары бар кандидаттар жұмысқа шақырылу ықтималдығын 8-15 пайызға дейін арттырады. Бұл жерде маңызды деталь бар: AI дағдылары тек ІТ саласында ғана емес, барлық салада артықшылық береді. Мысалы маркетолог – AI арқылы контент генерациясын басқарады, бухгалтер – автоматтандырылған талдау жүйелерін қолданады. Яғни AI – мамандықтың орнына келмейді, бірақ маманның өнімділігін бірнеше есе арттырады. Еңбек нарығындағы бәсеке «кім жақсы жұмыс істейді?» деген сұрақтан «кім жақсы жүйе құрады?» деген деңгейге ауысты. Жаһандық тренд айқын. Бірақ негізгі сұрақ – Қазақстан осы өзгеріске қаншалықты дайын? Бүгінде елімізде цифрлық трансформация жүріп жатыр. eGov жүйесі, банк секторындағы автоматтандыру, телеком саласындағы AI шешімдер соның дәлелі. Дегенмен еңбек нарығының ішкі құрылымы бұл қарқынға толық ілесе алған жоқ. Көп жағдайда ЖОО бағдарламалары мен нарықтағы сұраныстың арасында алшақтық бар. Бір жағында жаңа технологияларды меңгерген жас мамандар болса, екінші жағында дәстүрлі білімге сүйенген кадрлар қалып отыр.
Мысалы келесі төрт жылдықта елге 900 мыңға жуық маман қажет. 529 977 инженерия саласына қажет маман болса, педагогикалық бағыттағы мамандарға қажеттілік 21%. Ал қызмет көрсету, гуманитарлық ғылымдар, бизнес, шығармашылық секілді салаға шамамен 19 пайыз маман қажет. Алайда бүгінгі жасқа ІТ, стоматология, халықаралық қатынастар секілді сала қызығырақ.
− 2026-2027 оқу жылына 89 457 мемлекеттік грант бөлінді. Оның ішінде 75 371-і – бакалавриатқа, 11 007-сі – магистратураға, 3 079-ы – докторантураға арналған. Мемлекеттік тапсырысты бөлу ел экономикасының 2030 жылға дейінгі кадрлық қажеттілігі болжамымен үйлестірілді. Гранттарды бөлу кезінде инженерлік, IT, аграрлық, педагогикалық және жаратылыстану бағыттарына басымдық берілді. Гранттардың 60%-ы инженерлік-техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтарына, 21%-ы педагог кадрларды даярлауға бағытталды, − дейді министр Саясат Нұрбек.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаевтың мәліметіне сәйкес, жасанды интеллектіні жаппай енгізу елде 300400 мың жұмыс орнын қысқартуға әкелуі мүмкін.
− Жасанды интеллект жаппай енгізілсе алдағы 10 жылда көмекші қызметкер, бухгалтер, заңгер секілді, сондай-ақ адамның жеке араласуын қажет етпейтін өзге де мамандықтарға қатысты болуы ықтимал.
Сондықтан қазірдің өзінде мамандарды өзгерістерге дайындалып жатырмыз. Жыл басынан бері 186 мың адамды басқа мамандықтарға қайта оқыттық. Бұл тәжірибе барлық өңірде бір мезгілде іске асып жатыр. Астанада «JOLTAP» деп аталатын шағын сары бутиктер бар, оған кез келген адам бара алады. Қайта оқытудан өтіп, өзіне лайық жұмыс таба алады, − деді ол.
Қазіргі жұмыс берушілердің талаптарын үш деңгейге бөлуге болады. Біріншіден, техникалық деңгей. Бұл деңгейге AI құралдарын қолдану, цифрлық платформалармен жұмыс, автоматтандыру жүйелерін түсіну жатса, когнитивтік деңгейде аналитикалық ойлау, мәселені құрылымдау мен шешім қабылдау қабілеті бар. Тез үйрену, өзгеріске бейімделу мен үздіксіз даму мәдениеті метадағды деңгейіне кіреді.
Еңбек нарығындағы ең маңызды трансформациялардың бірі – әлеуметтік немесе білім теңсіздігі емес, цифрлық теңсіздік. Яғни адамдар арасындағы айырмашылық енді дипломмен емес, технологияға бейімделу жылдамдығымен өлшенеді. Бір жағында жаңа құралдарды тез меңгеріп, өнімділігін бірнеше есе арттырып жатқан мамандар бар. Екінші жағында дәстүрлі дағдыға сүйеніп, өзгерістен тыс қалып бара жатқан топ тұр. Халықаралық ұйымдар бұл үрдісті «skills gap» – дағдылар алшақтығы деп атайды. WEF деректеріне сәйкес, жұмыс берушілердің 60%-дан астамы негізгі мәселе ретінде дәл осы дағдылар жетіспеушілігін көрсетеді.
Еңбек нарығының бүгінгі беталысында жұмыс мазмұны да, оны атқару тәсілі де, тіпті маман құнының өлшемі де өзгеріп жатыр. Бұрын тәжірибе мен диплом негізгі капитал болса, қазір басты артықшылық – технологияға бейімделу жылдамдығы. Бұл − еңбек нарығына кірудің жаңа тілі. Сұраныс өзгергенде…
Інжу МАРЖАН
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!