Фото: primeminister.kz

Топан су басталғаннан бері 49 945 қазақстандық үйлеріне оралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖМ республика бойынша барлығы 8958 тұрғын үй мен 2994 аула аумағынан су бөлініп, айдалғаны туралы хабарлады.

Атырау облысының Құлсары қаласында мотопомпалар мен қуатты жылжымалы сорғы станцияларын қолдана отырып, қалған 20 су басқан үйден тәулік бойы су сорылды.

Дезинфекцияны ел бойынша ТЖМ-нің 20982 бөлімінің әскери қызметшілері жүргізеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!