Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

KAZINFORM – Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов Үкімет отырысынан кейін өткен брифингіде тасқынға қарсы төселген құмқаптарды экологияға әсері туралы пікір білдірді.

«Ерте ме, кеш пе тасқын аяқталады. Сол кезде қалың құмқапты не істейсіздер? Бұл жаңа экологиялық апатқа әкелмей ме? Осы күйі қалдырып кетпейсіздер ме? Ертең оны кім жинастырады№» – деп сұрады БАҚ өкілі.

Бауыржан Сыздықов журналист айтқан құмқаптар қазіргі күйінде қалмайтынына сендірді.

«Дұрыс түсінуіңіз керек. Бәрі ол күйінде қалмайды. Әрине, экологияға жауап беретін органдар бар, әкімдіктер де ондай бөлімшелер бар. Оның бәрімен айналысады. Бүгінгі таңда бөгеттерді, уақытша дөңдерді жасаған болсақ, әшейін қалады деп ойламаймыз. Оны да керек-жараққа, халықты, үйлерді, елді қорғауға жаратамыз. Оны өңдеу жұмыстары болады», – деді Бауыржан Сыздықов.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!