Фото: ҚР Үкіметі

KAZINFORM – Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысынан кейін өткен брифингіде  тасқыннан бүлінген үйлерді қайта салуға бөлінетін қаражат қалай игерілетінін айтты.

«Мемлекет ешкімнің қолына ешқандай қаражат бермейді. Мысалы, әр адам әртүрлі. Жауапкершілігі бар адам болады, жауапкершілігі жоқ адамдар болады. Қазіргі таңда үй салуға, қайта тұрғызуға арналған қаражатты қолға берсе, басқа мақсатқа жұмсалып кетуі мүмкін. Одан кейін қыста мұндай кісілерді не істейміз, тағы ақша береміз бе немесе қайта үй салып береміз бе? Сонымен, мемлекеттің шешімі осындай. Тасқыннан зардап шеккен әр адамның өз қалауы бар. Үйін қайта тұрғызады немесе әкімдіктер қайталама нарықтан пәтер алып береді. Осы екі таңдаудың бірін пайдалануға болады», – деді ол.

Оның айтуынша, жартылай бүлінген үйлердің жөндеуге бөлінетін қаражат тұрғындардың қолына берілуі мүмкін.

«Жөндеу жұмыстарын әкімдік құрылыс компаниясына жүктей алады немесе бірнеше өңірде әкімдік шешімімен баспананы жөндеу шығындарын халықтың қолына береді. Яғни, үйді қайта салу үшін қолға қаражат бермейміз», – деді Қанат Шарлапаев.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!