Фото: Түркістан облысы полиция департаменті

Өңірде «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды KAZINFORM.

Ордабасы ауданында көші-қон заңнамасын бұзған 16 адам жауапкершілікке тартылды. Олардың ішінде 12 шетелдік және 4 Қазақстан Республикасының азаматы бар.

— Іс-шараға көші-қон қызметкерлері, учаскелік инспекторлар, криминалдық және патрульдік полиция қызметі жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары құқық бұзушылықтардың алдын алу және миграциялық заңнаманы сақтау қажеттілігі туралы халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, – делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!