Түркістан полициясы 11 жасар қыз баланы іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Рolisia.kz порталына сілтеме жасап.

«Інжу 2012 жылы туған. Бойы 130-135 см, шашы ұзын, қою қоңыр түсті.

Үстінде жейде, қара джинс шалбар, аяғында қара түсті спорттық аяқ киім болған.

Іздеу жарияланған жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат болса, Түркістан қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне 8-725-33-97-40-94, 8-747-497-42-24, 8-701-480-78-88 нөмірлері бойынша немесе 102 арнасына хабарласуды сұраймыз», – делінген полиция мәліметінде.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!