Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында мүгедектігі бар жандарға арналған «Жаңарған Түркістанға саяхат» атты рухани-танымдық шара ұйымдастырылды.
19 мамыр күні өткен саяхатқа 35 мүгедектігі бар азамат қатысып, қасиетті Түркістан қаласының тарихи-мәдени орындарын аралады. Қатысушылар алдымен Қожа Ахмет Ясауи кесенесі барып зиярат етті. Сонымен қатар, түрленіп, жаңарған Түркістанның бүгінгі келбетімен танысып, ерекше әсер алды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – мүгедектігі бар адамдарды қоғамдық ортаға бейімдеу, олардың белсенділігін арттырып, рухани және мәдени шараларға қатыстыру арқылы позитивті ойлау дағдыларын қалыптастыру. Саяхат қатысушыларға рухани серпіліс сыйлап, өмірге деген құлшынысын арттырды.
Шара барысында қатысушыларға арнайы автокөлік ұйымдастырылып, түскі ас ұсынылды. Сондай-ақ естелік ретінде фотосуреттер жинақталған фотоальбомдар табысталды.





Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!