29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй алуға өтініштер қараша айында қабылданады. Әзірге мұндай мүмкіндікке Нұр-Сұлтан қаласының жастары ғана қол жеткізе алады.
Бұл туралы Астана қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Құжат тапсыру мерзімі және қабылданатын портал туралы ақпарат Нұр-Сұлтан тұрғын үй қорының интернет-ресурстарында алдын ала жарияланады.
Еске салайық, бағдарлама аясында тұрғын үй тек жұмыс істейтін жастарға 5 жылға беріледі, осы мерзім аяқталғаннан кейін пәтерді босату қажет. Сондықтан өтініш беруші іріктеуден өтіп, жалға берілетін үйге ие болса, бес жыл ішінде өз баспанасына бастапқы жарна сомасын жинауы керек.
Тұрғын үй үшін ай сайынғы жалдау ақысы 5-15 000 теңге шамасында болады. Бұл – жұмыс істейтін жастардың өз баспанасына ақша жинауы үшін мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау.
Бағдарламаға қатысу шарттары:
- 29 жасқа толмаған Қазақстан азаматы;
- аяқталған орта/арнайы орта/жоғары/жоғары оқу орнынан кейінгі білім және ресми жұмысқа орналастыру;
- Нұр-Сұлтанда кейінгі 2 жылдан кем емес тұрақты үздіксіз тіркеуде болу;
- өтініш берушіде және отбасының барлық мүшесінде Қазақстан бойынша меншік құқығында, сонымен бірге 2 жыл ішінде сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің болмауы;
- төлем қабілеттілігін растау (ай сайынғы табыс минимум 116 680 теңге/соңғы 6 айда 40 АЕК).
Бірінші кезекте ЭЦҚ кілтін алу қажет, ал тізім бойынша анықтамалардың барлығы мерзімге сай және өтініш берген кезде алынуы керек. Қажетті құжаттар тізімін www.zhilfond.kz. сайтынан білуге болады.
Құжаттарды тапсырған азаматтар арасында іріктеу балдық жүйе бойынша жүргізіледі:
- Отбасының болуы үшін – 5 балл, некенің әр жылы үшін – 2 балл;
- Баланың болуы үшін – 1 балл, келесі әрбір бала үшін – 2 балл;
- Бюджеттік ұйымдардағы (мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардағы) еңбек қызметі үшін – 5 балл, еңбек өтілінің әр жылы үшін – 1 балл;
- нарық сұранысына ие 100 мамандық тізіміне сәйкес мамандықты игерген өтініш берушіге — 10 балл (тізім сайтта жарияланған zhilfond.kz);
- жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде кемінде 1 жыл – 5 балл, әрбір жыл үшін – 1 балл;
- өтініш берушінің әртүрлі қызмет салаларында жеке жетістіктері болған кезде (кәсіби саладағы жетістіктері ескеріледі) – 2 балл;
- екінші деңгейдегі банктердегі жинақ шоттарындағы жинақтарды үшін – 2 балл.
Қосымша ақпаратты iKomek-тің 109 (мобильді телефон үшін), сонымен бірге +7-700-725-17-32 нөміріне қоңырау шалу арқылы алуға болады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!