Қазақстандық «KÖLEÑKE» (18+) анимациялық жобасы АҚШ-тың Портленд қаласында өткен Portland Festival of Cinema, Animation & Technology халықаралық фестивалінде арнайы жүлдеге ие болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Bugin.kz-ке сілтеп.

«Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі шығарған жоба хоррор-анимация бағытында қазылар алқасының The DarkCat Award арнайы жүлдесіне лайық деп танылды. Марапат туындының хоррор жанрындағы көркемдік шешімі мен шығармашылық шеберлігі үшін берілген.  «KÖLEÑKE» жобасының сценарийін Ернар Тілеубаев жазған. Режиссері – Мақсат Аяпов, суретші-қоюшысы – Дайыр Жиенқұлов, атқарушы продюсері – Нұржигит Сұлтанберді. 

Фестивальдің негізгі бағдарламасына «Қазақанимацияның» тағы екі жұмысы – «Su perisi» фолк-хорроры мен «Shańyraq» драмасы да енді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!