Жылқыны көлікпен қасақана таптаған ер адам 10 күнге қамалды деп хабарлады turkystan.kz.

Алматы облысы Междуреченск ауылының 38 жастағы тұрғыны ақыры жазадан құтыла алмады. Өйткені бұл жайтқа ауылдың басқа тұрғындары өре түрегелген. Тіпті, жүргізушінің үйінің алдына жиналып, ашық наразылық білдірді.

Оқиға осыдан 4 күн бұрын Алматы облысында болған. 38 жастағы тұрғын жол талғамайтын көлігімен буаз жылқыны қасақана басып кетеді. Бұл әрекетін ол ауыл жылқыларының ауласына жиі кіріп, бау-бақшаны таптап кете бергесін жүйкем тозды деп түсіндірген. Бастапқыда ер адамға мал иесімен мәмілеге келген екен. Алайда ауыл тұрғындары жазықсыз малды өлтірген азамат бостандықта жүр деп шу шығарған. Сот бүгін жылқыны басқан азаматты 10 күнге қамау туралы шешім шығарды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!