Эфир жергілікті уақыт бойынша сағат 21:00-ге жоспарланған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Мұндай үндеулер АҚШ-та сирек болады және әдетте ерекше маңызға ие оқиғаларға байланысты ұйымдастырылады. Осыған байланысты бастапқыда көпшілік «Иранмен арадағы шиеленістің қайта ушығуына қатысты мәлімдеме жасалады» деп болжаған. Десе де, америкалық БАҚ-тың мәліметінше, ол бұл жолы АҚШ-тағы сайлау жүйесі мен сайлау кезіндегі бұрмалаулар мәселесіне тоқталмақ.
2020 жылғы президенттік сайлауда демократ Джо Байденнен жеңілгеннен бері Дональд Трамп өзінің жеңілісіне жаппай сайлау бұрмалауы себеп болғанын үнемі айтып келеді. Енді ол осыған қатысты дәлелдерді жариялауға ниетті секілді көрінеді.
– Әңгіме дауыс беру құрылғылары туралы болады. Бұл – шынымен де өте маңызды жаңалық! Бұдан маңыздысы жоқ! – деді Трамп.
Ол өз сөзінде АҚШ-тағы сайлауға қатысты барлау құжаттарына сілтеме жасап, шетел мемлекеттерінің ықтимал араласуы мен сайлау жүйесіндегі осал тұстар туралы айтуы мүмкін. Осыған дейін де Трамп «бұрмаланған дауыс беру құрылғылары» туралы бірнеше рет сөз еткен еді. Бірақ, бұл мәлімдемелерді растайтын нақты дәлелдер осы уақытқа дейін ұсынылмады.
Трамптың бұл телеүндеуі АҚШ-та өтетін аралық сайлауға 4 айға жетер-жетпес уақыт қалғанда жарияланбақ.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
