Фото: polisia.kz

Депутаттар есірткі өндіруге тағайындалатын жазаны өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін қатаңдату мәселесін қарастырып жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазіргі уақытта парламент мәжілісі есірткі өндіруге тағайындалатын жазаны өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін қатаңдату мәселесін пысықтауда. Бұл бастаманы көпшілік те қолдап жатыр.

Қазір есірткіні таратқаны үшін жаза мерзімдерін қысқартуға қарсы және оны өндіргені үшін жауапкершілікті күшейтуді қолдайтын азаматтардың петициясы қарауға алынды.

Айта кетейік, жақында Қазақстанда вейб саудасына тыйым салынды. Сондай-ақ 21 жасқа дейінгі азаматтарға энергетикалық сусындар сатылмайтын болды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!