Кінәлі тұлғалар «TikTok» әлеуметтік желісінде құмар ойындарын ұйымдастырғаны және өткізгені үшін сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сот үкімімен 2 қала тұрғыны Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасында белгіленген орындардан тыс жерлерде құмар ойындарды ұйымдастырғаны және өткізгені үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Алдын ала сөз байласу адамдар тобымен кінәлі тұлғалар «TikTok»әлеуметтік желісінде жалпы сомасы аса ірі мөлшерде 34 млн теңгеден астам табыс табумен «Зарик» атты құмар ойын өткізді.

Ойынның шартына сәйкес, тікелей эфирге қосылған азаматтар 500-ден 4000 теңгеге дейінгі мөлшердегі белгіленген соманы ұйымдастырушының есепшотына есімін және ұтыс алу үшін жеке телефон нөмірін көрсете отырып жолдайды. Бір ойын тек екі қарсыластың арасында өтеді.

Бәс тігудің жеңімпазы 3 ойын текшесінайналдыру арқылы анықталады. Ең көп ұпай жинаған ойыншы жеңімпаз болып табылады.

Үкім заңды күшіне енді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!