«Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған сайысына»

Ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы: «Балам деген ел болмаса, елім деген бала қайдан шығады»,- деген Ұлы сөз! « Егемен еліміздің тұлымды ұлы, бұрымды қызы деп сендер үшін барлық жағдай жасалды. Ертеңгі күні қадірлі Қазақстаным деген қасиетті ұғым әрқайсыңның кеуделеріңде атой салып жатуы тиіс»
Н.Ә.Назарбаев.

Біз Қазақстан деген алып мемлекеттің ұрпағын тәрбиелеп өсіріп отырған «отбасы» деген шағын мемлекетте өмір сүрудеміз. Әр шағын елдің өз ерекшелігі секілді, біздің кішкентай мемлекетіміздің де жүрек жылытарлық мейірімі мен тамсанарлық татулығы үндесіп жатыр. «Адамның қалыптасуы бала кезден басталады. Жақсылық та адам бойына нақ сол бала кезде егіледі. Ол жылдар өте келе, өніп шығады. Жақсылық ұрығының өніп шыққаны немесе оны жамандықтың арамшөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады»,-деген С. В. Михалков отбасы тәрбиесінің адам өміріндегі ең маңызды тұсы екенін жеткізгісі келген болар.
Бұл ойымызды әдебиет тарихындағы алып тұлға М.Мағауиннің: «Әлемдегі ең сұлу әйел – менің анам, жарым, қызым. Оларсыз дүние бос секілді»,- деген ойы тиянақтайды. Ұлы ақын Абайдың білімге көзін ашқан досы Михаэлис болса, біздің өмірге көзқарасымызды қалыптастырушы, құрылысшылар – ата-анамыз. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отбасы – татулық пен бақыттың мекені.
Ал, қазіргі қоғамда, әсіресе, жасөспірімдер арасында белең алып тұрған мәселе – нашақорлық.
Махмуд Қашқари: «Жаны кедей адамның, құлқыны бір тоймайды»,-депті өз заманында. Құлқынын тойдырам деп, есірткә сатумен айналысатын адамдарды құрықтап, мектеп жасындағы жасөспірімдерді бұл ғасыр дертінен.ажал тұзағынан қоғам болып қалай құтқара аламыз?
Бұл мәселе сіз бен бізді бей-жай қалдырмайтыны анық.
Қадыр Мырза Әлі айтпақшы: «Дегенмен есірткінің істемейтіні жоқ, дәлірек айтсақ істетпейтіні жоқ!. Мұның дәлелі әлеуметтік желіге бас сұға қалсаңыз, көруге көзіміз ұялатын, адам шошырлық бейнежазбалар болып отыр.
Мәңгілік ел ұпақтарының тарихы мен жасалып жатқан жұмыстарын іздегендерге осы әлеуметтік желідегі бейнежазбалар кезіксе, не болмақ?
Сондықтан ата-аналар кәмелетке толмаған, оңы мен солын ажырата алмайтын балаларының қайда жүргенін жіті бақылап, олардың жүріс–тұрысын мұқият қадағалауымыз керек. Бала тәрбиесіне, біріншіден, өз ата–анасы жауапты, бұл – барлық отбасыға ортақ іс.
Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ иесі. «Ел болам десең, бесігіңді түзе, ағайын!». «Бірлік» деген қасиетті де, қастерлі ұғымды берік ұстанған сонау бабаларымыздың рухы қашан да біздің мәңгілік ел болу жолындағы мақсат тұтар бағытымыз болсын. Сол жолдан адаспайық! Сонда ғана біз әлем мойындар табысты ел болып, сенім мен үмітті үндестірген «мәңгілік елге» айналарымыз анық.

                                                             Тәңірбергеновтер отбасы

                                                                  Арал қаласы

                        «№83 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!